«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы 1995 жылғы қыркүйек айында қазақстандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардан құралған мамандар тобының бастамасымен құрылды.
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасында демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыруға практикалық тұрғыда жәрдемдесу, республикадағы демократиялық институттарды дамыту, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы әлеуметтік үдерістерді зерттеумен айналысатын қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қызметін үйлестіру мақсатында құрылған.
– әлеуметтік басқарудың түрлі салаларында социологиялық зерттеулер нәтижелеріне деген сұранысты арттыру.